САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН...

22
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» кафедрасы «Қ.Р.Қаржы құқығы» пәні бойынша 050301, 5В030100 Құқықтану мамандығының студенттеріне САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА Құрастырушы: МжҚТ кафедрасының аға оқытушысы К.Ж. Калимуллина. Павлодар

Transcript of САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН...

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы» кафедрасы

«Қ.Р.Қаржы құқығы» пәні бойынша050301, 5В030100 Құқықтану мамандығының

студенттерінеСАБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН

ТАПСЫРМА

Құрастырушы:МжҚТ кафедрасының аға оқытушысы К.Ж. Калимуллина.

Павлодар

Пәннің мазмұны

ҚР Қаржы кұқығы пәні бойынша050301 Құқықтану мамандығының студенттерініңСабаққа дайындалу тапсырмалары

1-тақырып. Мемлекеттің қаржы қызметі Жоспары:Қаржының ұғымы.Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатыңасы.Мемлекеттік қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы. мазмұны және саласы.Мемлекеттің қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және

қағидалары.Қаржы қызметін орыңдаудағы мемлекеттік органдардың жүйесі.Қаржы жүйесінің ұғымы.Үйренуге:Мемлекеттік қаржы жүйесі және оның құрылымы.Нарықтық және жоспарлау экономиқасымен мемлекеттердің қаржы

жүйелерінің өзгешелік белгілері.Мемлекеттік орталықтандыру және орталықсыздану қаржысы.Меңгеруге:Жалпыға бірдей мемлекеттік және жергілікті қаржы.Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.Мемлекеттік ақша қорларының қалыптасу әдістері.Мемлекеттік қаржы қызметін іске асырудың құқықтық формалары.Мемлекеттік қаржы саясаты.Тапсырма:1 Азамат Свиридов темір балқыту жұмысыңа түсті. Ай сайың оған

алатың табысың 35000 тенге деп уәде берп, сол айлығың уақытымен алыпотырды. Осы қатыңас қаржылық қатыңастар санатыңа жата ма? Осы айлықмөлшердегі ақша «қаржы» санатыңа жата ма?

2 ЖШС «Ромат» оған көрсетілген қызмет үшін ЖШС«Стройиндустрия» фирмасыңа 500 мың теңге аударды. Осы аударылған ақшақозғалысы мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма?

3 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Иванов салық сомасың ҚазыңаКомитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржықызметіне жата ма?

4 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Мосқаленко салық сомасың ҚазыңаКомитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржықызметіне жата ма, және де егер жататың болса мемлекеттің қаржы қызметінжүргізудің қай әдісіне жатады?

Бақылау сұрақтары:Мемлекетік қаржы мен жеке меншік қаржының айырмашылығы неде?

Мемлекеттің қаржы қызметі қандай процестерден тұрады? Материалдық

тұрғыда мемлекеттің қаржы жүйесі дегеніміз не? Мемлекеттің қаржықызметін жүргізу деп қандай әдістерді білесіздер?

Әдебиеттер1 Қаржы кұқығы. Практикум., Найманбаев. - Алматы: Жеті Жарғы.

2006.2 Қаржы кұқығы: Оқулық / Найманбаев С.М.. - Алматы: Жеті Жарғы.

2006.3 Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,

келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.2-тақырып. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жуйесі. Жоспары:Қаржы кұқығының пәні.Қаржылық қатыңастардың түрлері және белгілері.Қаржы және басқа да сыбайлас қоғамдық қатыңастардың арақатыңасы.Қаржы кұқығының ұғымы. Қаржы құқығының көздері Құқық жүйесіндегі қаржы құқығыңъң орны. Үйренуге:Қаржы кұқығының және басқа құқық салаларының арақатынасы.Қаржы құқық саласыңда құқықтық реттеудің әдістері.Қаржы-құқықтық келісімі, ның түрлері және өзгешелік белгілері.Қаржы кұқықтық жүйесі.Қаржылық құқықтық жүйесі.Меңгеруге:Қаржылық құқық жалпы және ерекше бөлімнің институттары мен

тараулары.Қаржылық-құқық нормаларының ұғымы, белгілері, түрлері және

құрылымы. Қаржылық қатыңастардың ұғымы, белгілері және түрлері.Қаржылық кұқықтық қатынастардың шығуы, өзгеруі және тоқтатылунегіздері.

Тапсырма:1 Облыстық бюджет субвенция ретінде райондық бюджетке 1 миллион

теңге қаржы-қаражат берді. Осы қатынас қаржы жүйесіне жата ма, жататынболса қандай бөлігіне жатады?

1 Салық төлеуші фирма косымша құн салығын мемлекеттіңкірісіне 350 мың теңге уақытымен аударды. Бұл қатынас қандай құқықтықреттеу әдісімен реттеліп отыр?

2 ҚР қаржы құқығынан бақылау жұмысын жазғанда студентМарков төмендегідей сұрақтарға жауап берді:

Сіз қалай ойлайсыз мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу әдістері менқаржы-құқықтық қатынастарды реттеу әдістері бір түрлі зат па, әлде әр түрлі затпа? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па?

«Қаржы-қуқығы» және «Қаржы заңнамалары» - осы екі түсінік бірдейме жоқ па? Жауабы бірдей емес. Осы жауап дұрыс па?

Әкімшілік-құқықтық және қаржы-құқықтық қатынастардың реттеу пәнібірдей ме, жоқ па? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па?

Бақылау сұрақтары:1. Қаржы құқығыңыц пәні неде?1. ҚР қаржы құқығының жүйесі қанша бөлімнен тұрады, және

қандай?2. ҚР қаржы құқығының қандай қайнар көздерін білесіздер, атап

шығыңыз?Әдебиеттер1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы.

2006.1. Қаржы құқығы: Оқулық / Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті

Жарғы. 2006.2. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,

келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

3-тақырып. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері.Жоспары:Ақшаның ұғымы және функциялары.Тарихи пайда болатын ақша жүйелері.Биметаллизм және оның түрлеріМонометаллизм жәпе оның түрлері.Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелеріНарықтық және жоспарлау экономиқасымен мемлекеттердің ақша

жүйелерінің белгілері.Үйренуге:Ақша жүйесінің ұғымы, қағидалары және элементтері.Ақша жүйесінің тұрақтану әдістері.Мемлекеттік-ақша несие саясаты.Нақты ақша айналымы. Нақты емес ақша айналымы.Валюта реттеудің ұғымы. Міндеттері және әдістері.Меңгеруге:Валютаның және валюта бағамдарының ұғымдары. Валюталық

қатынастардың субъектілері. Валюталық бақылау. Валюталықоперациялардың ұғымы және түрлері. Валюталық операциялардың қозғалысережелері.

Тапсырма:1 10.03.2007 ж. азамат Киселев жеке кәсіпкер ретінде Тіркеуте тұрды.

15.03.2007 ж. Киселев жол транспорт оқиғасына түсті, емханада жатып текқана 20.04.2007 ж. шықты. Үйінде ол тұрғылықты орныңдағы салықкомитетінің хабарлама қағазын көріп салық комитетіне тез арада келіп кетуінсұрағанын білді. Келесі күні оған салық инспекторының қаулысын ұсыңды.Бұл қаулы бойынша оған салық органдарына тіркеуге тұрудың мерзімінбұзған ушін 5000 теңге салық санкциясының айыппұлы салынғанынаңғарды. Киселев бұл айыппұлды түгелімен төлеген.

Қалай ойлайсыз бұл жағдайда қаржы-құқықтық нормалар бұзылдыма? Заңды фактілерге анализ беріңіз.

2 Белгілі бір фирма декларацияда көрсетпей кеден шекарасынан кедензаңнамасымен белгілі бір шектеудегі товарларды өткізіп жіберді. Бұл жағдайқаржы полициясымен ашыла сала, олар осы фирманың басшысын ҚР ҚК-нің209-бабымен анықталған «Экономикалық контрабанда» қылмысқа тартыпқылмыстық істі сотқа шешім шығаруға жіберді.Сот сол фирманың басшысына400 айлық есептік керсеткіште айыппұл салды.

Бұл жағдайда қаржы-құқықтық норманың қандай белгісі көрініс тапты?Шығарылған шешімде қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай

ерекшелігі көрініс тапты?3 ҚР қарулы күштер қатарында қызметін атқарып келген Петров ЖШС

«Трон» атты фирманы ашып тіркеуге тұрғызды. 4 күн өткеннен кейін олАлматы қаласының салық органыңда тіркеуге тұрды. Ол осы кәсіпкерліктіжүргізу мақсатыңда «БТА» банкінен 4 млн. теңге мөлшерінде шұжық жасаутетігін сатып алу негізінде несие алды. Жасалған шарт бойынша банк осыжоғарыда аталған соманы тетік алу орнына аударды.

Бұл тетікті ала салысымен Петров кеден баждарын төлеп және мүліксалығын төлеп, осы шұжық жасау тетігін «НСК» сақтандыру компаниясыңдасақтандыру шартын жасасты. Осы қатынастардың барлығы қандай заңдыфактілер негізінде жүргізілді?

Бақылау сұрақтары:1. Қаржы-құқықтық нормалардың қандай белгілерін білесіз?1. Қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай көзге көрінер

белгілерін білесіз?2. Қаржы-құқықтық нормалар қандай элементтерден тұрады?Әдебиеттер:1. Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы.

2006.1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті

Жарғы. 2006.2. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,

келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

4-тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері. Жоспары:Қаржылық бақылаудың ұғымы.Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары,

міндеттері және әдістері.Қаржылық бақылаудың қағидалары.Қаржы тәртібі.Үйренуге:Қаржылық бақылаудың жіктелуі.Тікелей және тікелей емес қаржы бақылауы.Алдың ала, кезектеп және кейінгі қаржы бақылауы.

Дербестігі және функционалды қаржы бақылауы.Ішкі және сыртқы қаржы бақылауы.Меңгеруге:Қаржылық бақылаудың саласы.Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясы.Аудиттің және аудиттік қызметтің ұғымы, түрлері, қағидалары және іске

асырудың тәртібі. Тапсырма:1 Бақылау жұмысыңда студент Комаров нақты қаржы басқару

органдарына мыналарды жатқызды:- ҚР Үкіметі- ҚР Парламенті:- Қаржы полициясы қызметін;- ҚМ-ның республикалық бюджетін орыңдаудағы бақылау

жүргізетін Есеп Комитетін;- аудандық салық комитеттерін;- мемлекеттік кәсіпорыңдар мен мекемелердің қаржы бөлімдерін;- ҚР қаржы министрлігін;- ҚР Ұлттық банкін;- Коммерциялық ұйымдардың есеп бөлімдерін.Студент Комаровтың ұйғарымы дұрыс па, анализ жасаңыз, өз пікіріңізді

айтыңыз?2 Тәжірибе сабағында студент Родин ҚР банктік жүйесінің кұрамына

нелер кіреді деген сұрақтарға былай жауап берді:- ҚР Ұлттық банкі;- Үй құрылыс жинақ банкі;- Қазақстанның даму банкі:- Коммерциялық банктер;- ҚР зейнеткер қорлары.Сіз қалай ойлайсыз жауабы дұрыс па? Сіз қалай жауап берер едіңіз?3 ҚР Ұлттық банкі жаңа ақша белгілерінің шыққаны туралы ақпарат

берді. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімі тұрғындарғабылай деп хабарлады. Бұл тек қана облыс тұрғыңдарына үш күн арасыңдабелгілі бір соманы ғана айырбастап алуға болады деп. Осының нәтижесіндекөп тұрғыңдар және жеке кәсіпкерлер өз ақшаларын айырбастап үлгере алмайқалды. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімінің бұлжұмысына құқықтық баға беріңіз. Жеке кәсіпкерлердің жәнетұрғыңдардың мүлігін құқықтық корғауға қандай мүмкіншіліктер бар?

Бақылау сұрақтары:1. Ақша нысандары (түрлері), олар қандай болады?1. Мемлекеттің ақша жүйесінің элементерш атаңыз.2. ҚР-ның ақша жүйесі қашан құрылды?Әдебиеттер:1 Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

2 Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы.2006.

3 Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

5-тақырып. Бюджет құрылымы. Жоспары:Бюджеттің ұғымы. «Бюджет» терминінің мағынасы.Қаржы-ұйымдық, экономиқалық және материалдық бюджет ретіндегі

құқықтық қатегориясы.Үйренуге:Бюджеттің түрлері.Бюджеттің құрылымының ұғымы.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі және оның құрылымы.Меңгеруге:Қазақстан Республиқасының бюджет жүйесі құрылымының қағидалары.Бюджеттік реттеу және оның әдістері.Тапсырма.1 ҚР ҚМ-нің республиқалық бюджеттің орыңдалуын бақылайтын Есеп

Комитетінің ҚР-ның өкілетті органдар қатарына жағып, мемлекеттің қаржықызметін Үкімет атынан жүргізетін орган деп студент Туленов жауап берді.

Туленовтң осы жауабымен келісесіз бе? Келіспесеңіз қай жердеқателіктер бар?

2 Салық Комитетінің инспекторы Мурзин салық салу негізіндегікұжаттарды уақытыңда тапсырмағаны үшін «Маяк» ЖШС-ннің, біріншітоқсан бойы банктік шотын тоқтатып қойды.«Маяк» ЖШС-нң өтініші бойынша «ЦентрКредитБанк» наурыз айыңдабіршама есеп операцияларын жүргізіп үлгерді. Аудан салық комитетініңбасшысы Петрова осы ЖШС-нің басшысына, бас бухгалтеріне және банкбасқарушысына әрбіреуіне 20 АЕК ретінде айыппұл салған.

Осы жағдайға заңды талдау жасаңыз.3 Қаржы бақылауының әдістерін атау керек деген сұраққа студент

қаржы кұқығы сабағыңда былай жауап берді:- Қадағалау;- Әңгімелесу;- ревизия;- құжаттық тексеру;- тексеру;- фактілік қадағалау;- нақты анықтау.Михайловтың жауабына талдау жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз.Бақылау сұрақтары:1. Қаржы саласындағы басқарудың анықтамасы.1. ҚР қаржы министрлігінің қаржы саласындағы құзіретін айтыңыз?2. Жоспарлау дегеніміз не?

Әдебиеттер:1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы.

2006.2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті

Жарғы. 2006.3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,

келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

6-тақырып. Бюджеттік бақылау және бюджет саласыңдағы басқару.Жоспары:Бюджеттік компетенция.Материалдық және процессуалдық бюджет кұқығы.Қазақстан Республикасының бюджет кұқығы.Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бюджет құқығы.Менгеруге:Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы

Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің(ведомосттер), жергілікті атқарушы және келісті органдардың бюджеткұқығы.

Үйренуге:Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидалары, стандарты және

актілері. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуынан ішкіжәне сыртқы бақылаудың негіздері.

Тапсырма:1 ҚР Үкіметінің өкімі бойынша Павлодар облысына көмек ретінде

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін және санитарлық автокөліктер алу үшін30 млрд. теңге бөлінген. «А» мемлекеттік мекемесіне (25 млрд теңге). «Б»мемлекеттік кәсіпорынға (5 млрд теңге) қаржы түсті. «А» мемлекеттікмекемесіне Денсаулық сақтау минисгрлігі номенклатураны, дәрі-дәрмектіңмөлшерін, тауардың сатып алу және түсу мерзімін бекіттпеген екен. 10 айішінде «А» мемлекеттік мекемесі бөлінген қаржының 70% ұстап үлгерген. «Б»мемлекеттік кәсіпорны 80%, оның ішінде 40% - дәрі-дәрмекке, 20% -медициналық техника мен құралдарға, 15% -ауруханаларды қайта құруғажәне 5% - маркетинг қызметіне.

ҚР Үкіметінің тапсырмасымен түскен қаржыны бақылау кімніңқұзіретіне кіреді? Бюджеттік қаржыны қолдануда қандай бұзушылықтарболған? Қаржы бақылауын жүргізуші қандай орган және қандай шарақолдануға тиіс?

2 Павлодар облысының қазына басқармасы бюджеттен түскенқаржыны тексеру негізінде «Павлодар мұнай химиялық зауыты» АҚ-ынтексерді. Тексеру барысында қазына басқармасы «Халық банкі» АҚ-ныңПавлодар облысы бойынша филиалына осы жоғарыда аталғанкәсіпорынның шоты туралы мәлімдеме сұратты. Нұсқап отырған үш күн

арасыңда банкпен керек құжаттар берілмеген. Мұнда тексеруші органмынадай шешім қолдануға мүмкін болды:

- 20 күнге осы кәсіпорынның шот бойынша операцияларынтоқтатып тастауға;

- ҚР Ұлттық банкіне Халық банкінің лицензиясын тоқтатып тастауғашағым қағаз жазуға;

- кәсіпорынның басшысына айыппұл салуға.Қазына органы дұрыс істеді ме? Осы жағдайға толығымен заңды

тұжырым жасап беріңіз.3 Салық инспекциясымен бақылау жүргізіліп осы ұйымның салық

салу объектісін көрсетпегеніне көздері жетті және сол көрсетпеушіліктентуындаған 51мың теңге пайданы жасырғаны мәлім болған.

Осы ұйымға қандай жауапкершілік орнатып, шара қолдануға болар едіжәне айыппұл салынатың болса, оның мөлшері қандай болады? Бұл шаранықандай орган қолдануға құқылы?

Бақылау сұрақтары:1. Қаржы бақылауының субъектілері кімдер бола алады?1. Қаржы заңнамаларын бұзған үшін қолданатын қандай шараларды

білесіз?2. Қаржы бақылауының қандай әдістерін білесіз?3. Қаржы бақылауы қалай жіктеледі?4. Қаржы бақылауыңдағы салық органының құзіреті?Әдебиеттер:1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев, -Алматы: Жеті Жарғы.

2006.1. Қаржы құқығы: Оқулық / Найманбаев СМ. - Алматы: Жеті

Жарғы, 2006.1. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі і2.06.200іж.,

келесі өзгертулер ментолықтырулардан кейін.

7-тақырып. Бюджет процесі.Жоспары:Бюджет процесінің ұғымы.Бюджет процесінің қағидалары.Бюджет процесінің сатылары.Меңгеруге:Бюджеттік жыл және бюджеттік жоспар.Республикалық және жергілікті бюджеттік жобалар құрастыру реті.Үйренуге:Республикалық және жергілікті бюджеттерді талқылау және мақұлдау

реттілігі.Бюджеттің қорытыңдысы.Респбликалық және жергілікті бюджеттер есебі туралы құрастыру және

мақұлдау.

Тапсырма:1 2005 жылдың 27 май айында Павлодар қаласының Маслихаты

бюджеттің резервтік қоры туралы шешім қабылдап, осы резервтің 2/3 бөлігіқалалық бюджеттің жобасына депутаттардың көрсетулері бойынша жұмсалсындеп анықталды.

Осы шешім бюджеттік заңнамаға қайшы бола ма. Қайшы болса, ондабасқалай жұмсау туралы құқық нормасын көрсетіңіз. Резервтік қор қандаймақсатпен құрылады?

2 ҚР қаржы министрлігінің өкімі бойынша дотация негізшде Қарағандыоблысына бюджеттен 30% қаржы бөлінсін деп шешілді. Жылдың соңындаҚарағанды облысының әкімі облысқа салықтар мен түсімдерден жиналғанқаржымен дотацияға дейінн берілген бюджетаралық ссуданы жабуға өтінішсұрады.

Осы құқықтық қатынастарға негіз болып қандай заңды фактілержатыр? Осы құқықтық қатынастардың қатысушыларының әрекеттерінеталдау жасаңыз.

3 Студент Головин жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне нелер жатадыдеген сұраққа былай деп жауап берді:

- салық түсімдері;- салықтық емес түсімдер;- бекітілген кіріс бөліктері;- реттеушілік кіріс бөліктері;- жергілікті өткізілген конкурстар мен лотереядан түскен түсімдер;- дотациялар;-субвенциялар:- субсидиялар:- несиелік қаржылар.Головиннің жаубы дұрыс па? Қателіктері болса, көрсетіңіз.Бақылау сұрақтары:1. Бюджеттік құқықтың пәніне не жатады?1. Бюджеттік қызмет дегеніміз не?2. Бюджеттік қызметтің негізгі әдістерін білесіз бе?

Әдебиеттер:1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы.

2006.2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті

Жарғы. 2006.3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,

келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

8-тақырып. Қаржы-құқықтық қатегориясы ретіндегі салық. Жоспары:Салықтың ұғымы.

Салықтың материалдық, экономиқалық және заң белгілері.Мемлекеттік алымдардың, мемлекеттік баж салығының және басқа

бюджетке арналған төлемдердін ұғымы.Меңгеруге:Салықтық және басқа бюджетке арналған төлемдердің өзгешелік

белгілері.Салық элементтері.Салық субъекітісі.Салық объектісі.Үйренуге:Салық негізі. Салық ақысы.Салық кезеңі. Салықтық реттік есептеу.Салық төлеу реттігі. Салық жеңілдіктері.Салық түрлері. Салық функциялары.Салық салудың классикалық, экономиқалық және заң қағидалары.Тапсырма:1 Қаржы құқығынан семинар сабағында студент Смирновқа оқытушы

былай сұрақ қойды: «облыстық бюджеттен Республиқалық бюджеткеберілетін қаржын қалай атайды». Оған студент дотация деп жауап берді.

Жауабы дұрыс па? Студенттің жауабын талдаңыз.2 Әр түрлі буындағы бюджеттерге бөлінетін және аударылатын кіріс

көздерін атаңыз?3 Бюджеттік жүйе құрылымының шығыстары мемлекеттің

функциясымен және міндетімен анықталады. Осыған сай жергіліктібюджеттен шығатын қаржының түсетін негізгі бағыттарын айтыңыз.

Бақылау сұрақтары:1. Мемлекеттік бюджеттің кірістерін айтып шығыңыз?1. Субвенция мен субсидияның айырмашылығы неде?2. Профицит пен дефициттің түсінігін айтыңыз?

Әдебиеттер:1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы.

2006.2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті

Жарғы. 2006.3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,

келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

9-тақырып. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспары:Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың,

мемлекеттік борыштың, мемлекеттік несиеленудің ұғымы.Меңгеруге:Мемлекетік шеттен алып пайдаланудың түрлері мен формалары.

Мемлекет пен шеттен алып пайдалану және қарыз кепілдігі.Үйренуге:Бюджеттің несиеленуі.Тапсырма:1 Семинар сабағыңда студент Харонов дотация, субвенция, субсидиялар

бәрі бірдей жағдай деді.Студенттің жауабын талдаңыз.2 Бюджеттік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық

қатынастардың тізімін айтыңыз, атқарушы биліктік органдардың бюджеттікқұқықтық қатынастардағы құзіретін ашып айтыңыз.

2 Сызба түрінде ҚР бюджетік құрылымын көрсетіңіз.4 Алматы облысының Әкімі мынадай үкім шығарды: Алматы

облысының мемлекеттік автоинспекциясы және оның лауазымды тұлғаларыәкімшілік жауапкершілікке тартқанда салатын айыппұлдың мөлшерін былайбөлсін депті: айыппұлдың 50% - Алматы облысының бюджетіне, 50% -жергілікті бюджеттерге, ал тәркіленген мүлік сомасын - толығымен облысбюджетіне.

Осы үкімге заңды талдау жасаңыз.Бақылау сұрақтары:1. Бюджеттік құрылым дегеніміз не?1. ҚР Президентінің бюджет саласыңдағы құзіретін білесіз бе?2. Бюджеттік жоспарлау қанша және қандай кезеңдерден тұрады?3. Бюджеттік бақылау органдарын атаңыз?

10-тақырып. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқанқұқықтық негіздері

Жоспары:Қазақстан Республикасының банк жүйесі.Банк қызметін мемлекеттік реттеу.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару

органдары. Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің ақшақорлары.Меңгеруге:Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің компенсациясы.Қаржы ұйымдарының және қаржылық нарықты реттеу жөніндегі

агенттіктің компетенциясы.Үйренуге:Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық ахуалы.Қазақстанның Даму банкінің құқықтық ахуалы.Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу.Сақтандыру ұйымдырының құқықтық ахуалы.Тапсырма:1 «Аргос» АҚ қамту тетіктерін және автокөліктерді таситын

«ИртышАвто» кәсіпорнының алдыңда өзінің міндеттемелерін орыңдай алмайқалып, ол кәсіпорнының осы тауарларды жеткізу негізіндегі шығарғаншығыңдарын өтеуге шамасы келмеді. Салық органдары осыны біле отырып

бұл акционерлік қоғамды банкрот деп атау үшін сотқа шағым жасады.«ИртышАвто» кәсіпорны тағы да сол мәселе негізінде, шығыңдарыныңорнын толтыру мақсатымен сотқа шағым жасады. «Аргос» акционерлікқоғамының дирекциясы салық органына салықты өтеу мақсатында өзінде бартауарлы-материалдық кұндылықтарды беруге өтініш жасады.

Осы жағдайдағы осы құқықтық қатынастардың қатысушыларыныңістеген әрекеттеріне заңды баға беріңіз. Бұл жағдайда қай ұйымныңқызықшылығы бірінші болып өтелінер еді?

2 «Гарант» кәсіпорны бартерлік мәміле негізінде шикі мұнайғаФинляндиядан басқа халық тұтынатын тауарлар алды. Осы жағдайда алынғантауарлардың бағасы фин маркасымен өрнектелген екен. «Гарант»кәсіпорнының бастығы осы алынған тауарларды ҚР Ұлттық банкінің қойғанкурсынан төмен бағамен теңгеге өзінде жұмыс ісгейтін жұмысшыларғасатуға үкім шығарды. Бірақ салық органы жұмысшылардан сатып алынғанфин маркасы мен теңге арасыңдағы айырмашылықты салық ретінде алатынболды.

Осы жағдай дұрыс па, салық органдарының әрекетіне заңды талдаужасап, баға беріңіз.

3 Қарағанды қаласының салық органының инспекторы ПетровЛопухинге табыс салығын ұстап қалу жөнінде ресми жазбаша түрде кеңесберді. Осы кеңес бойынша Лопухин декларацияны толтырып салығынтолығымен төледі. Кейіннен тексеру кезінде декларацияның дұрыстолтырылмай, салықты дұрыс төлемегені анықталды.

Осы жағдайда кім жауапты болады? Лопухиннің осы жөнінде сотқашағым жасауы құқылы ма?

Бақылау сұрақтары:1. Салықтың басқа да міндетті төлемдерден айырмашылығын атап

шығыңыз?1. Салықтық-құқықтық қатынастардың қаңдай түрлерін білесіздер?2. ҚР-да салықтың қанша түрі бар, атап шығыңыз?

Әдебиеттер:1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы.

2006.2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті

Жарғы. 2006.3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,

келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстаң Республикасының Конституцнясы 30.08.1995ж., келесіөзгертулер мен толықтырулардан кейін.

1. Қазақстан Республикасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі

өзгертулер мен толықтырулардан кейін.2. «Валюттік реттеу туралы» ҚР заңы 24.12.1996ж. // Қазақстан

Рсепубликасы Парламентінің ақпараты. 1996 ж., № 20-21. 404 б.3. 31.12.1996ж. «Мемлекеттік баждар туралы» ҚР заңы //

Қазахстанская правда. 1997. 11 қаңтар.4. 24.11.1998 ж. «Аудиторлық қызмет гуралы» ҚР заңы //

Қазахстанская правда. 1998. 24 қараша.5. 01.04.1999 ж. «Бюджеттік жүйе туралы» ҚР заңы //

Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараты. 1999 ж., № 20-21. б. 225.7. 30.03.1995ж. №2155 «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі

туралы» ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы // ҚазақстанРеспубликасының Жоғарғы Кеңесінің ақпараты, 1995 ж., № 3- 4. б. 23;№ 12. Ст.88; №15-16. б.100; № 23. 141; Қазақстан РеспубликасыПарламентінің Ақпараты. 1996 ж., №2. б. 184; №11-12. б. 262.

7. ҚР Президентінің № 2235 «Салықтар және бюджеткетүсетін басқа да міндетті төлемдер» 24.04.1995 ж. заң күші барЖарлығы. // ҚР Жоғарғы Кенесінің Ақпараты. 1995ж. №6. б. 43; №12.б. 88; №12. б. 89; №23. б. 152; Қазақстан РеспубликасыПарламентінің Ақпараты. №1. б. 180 Б. 181; №11-12. Б. 257; №15. б. 281.

8. № 2444 «ҚР банктері және банктік қызмет туралы»31.08.1995 ж. ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы//ҚР ЖоғарғыКеңесінің Ақпараты. 1995 ж., №15 Қазақстан РеспубликасыПарламентінің Ақпараты. 1996 ж., № 2. б. 184; №15. Б. 281; №19. б. 370.

9. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы.2006.

10. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: ЖетіЖарғы. 2006.

11. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж.,келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейі

Пәннің мазмұны

Тақырып 1. Мемлекеттің қаржы қызметі.Мақсаты: Қаржы ұғымы. Қаржы функциялары.Мемлекет қаражаттық қызметінің ұғымы. Принциптері, мақсаты жәнемемлекет қаржы қызметінің мақсаты. Қаражаттық жүйе және оның құрамы.Қаржы қызметін жүзеге асырудағы әдістер мен нысандары.Әдебиеттер:ҚР Конституциясы, 1995, кейінгі өзгертулер мен толықтырудар енгізілгеннен

кейінгі.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР Валюттік реттеу туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж.Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан

1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).Тақырып 2. Қаржы құқығының пәні және жүйесі .Мақсаты: Қаржы құқығының пәні. Қаржы – құқықтық қатынастардыңбелгілері, басқа құқық қатынастарынан айырмашылығы.Қаржы құқығының ұғымы. Мемлекет экономикалық және әлеуметтікмақсаттарының шешімінде қаржы құқығының ролі. Принциптері, мақсаттарыжәне мемлекет қаржы қызметінің мақсаты.Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістері. Императивтік(біржақты - өктем) және диспозитивтік (келісім) реттеу әдістері. Қаржы -құқықтық келісім-шарт ұғымы, оның белгілері. Қаржы - құқықтық келісім-шарттардың түрлері.Қаржы құқығының басқа құқық салаларынан негізгі ерекшеліктері. Құқықжүйесінде қаржы құқығының орны, көршілес құқық бұтақтарыменарақатынасы.Қаржы құқығының жүйесі және қайнар көздері.Әдебиеттер:Алматы: Қаржы-Қаражат, 1995.ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулерменжәне өзгертулермен).Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚРКодексі, 12 маусым 2001 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).Тақырып 3. Қаржы - құқықтық нормалар және қатынастар.Мақсаты: Қаржы - құқықтық нормалардың ұғымы мен түрлері. Қаржы -құқықтық нормалардың құрылымы.

Қаржы - құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері. Қаржы - құқықтыққатынастардың ұғымы, белгілері және түрлері.Қаржы - құқықтық қатынастардың субъектілері. Қаржы - құқықтыққатынастардың әмірлі субъектілердің белгілері. Қаржы - құқықтыққатынастардың субъектілердің өз құқығын қорғау тәсілдері. Қаржы -құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеруі және тоқтау негіздері.Әдебиеттер:Жол қоры туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 21 желтоқсан1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР Ұлттық банкі туралы заңды күші бар Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жарлығы 30.03.95 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)Тақырып 4. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.Мақсаты: Мемлекеттің ақша жүйесінің элементтері (ақша бірлігі, ақшабелгілерінің түрлері, ақша эмиссиясын жүргізу тәртібі, валюттік режим, ақшаайналымының тәртібі). Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері -қаржы құқығы жүйесінің жалпы бөлімі.ҚР ақша жүйесі.Ақша айналымының құқықтық негізі. Құнды қағаздардың айналымынқұқықтық реттеу. Мемлекеттің құнды қағаздарының түрлері.Валюттік реттеудің құқықтық негіздері, түсінігі, әдістері мен объектілері.Валюттік реттеу органдарының компетенциясы.Валюттік операцияларды жүргізу негізіндегі арнайы органдар, олардыңкомпетенциясы.Валюттік операцияларды жүргізу тәртібі.Валюттік монополия, түсінігі.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР Ұлттық банкі туралы заңды күші бар Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жарлығы 30 наурыз 1995 ж. (келесі енгізулермен жәнеөзгертулермен)ҚР банктері және банк қызметі туралы заңды күші бар ҚР Президентініңжарлығы, 31 тамыз 1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)Тақырып 5. Мемлекеттің қаржы құрылымының құқықтық негіздері.Мақсаты: Мемлекеттің қаржы құрылымының құқықтық негіздері - қаржықұқығы жүйесінің жалпы бөлімі. ҚР қаржы жүйесі. Қаржы құрылымы жәнеқұрамы. Қаржылық реттеу және оның әдістемелері.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-

Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулерменжәне өзгертулермен).Тақырып 6. Қаржы облысында басқару (қаржыны басқару).Мақсаты: Қаржы облысында басқару - қаржы құқығы жүйесінің жалпы

бөлімі. Қаржы басқару органдарының жүйесі мен компетенциясы. Қаржыминистрлігі және оның компетенциясы. Мемлекеттік банк және оныңкомпетенциясы. Қаржыны басқарудағы құқықтық нысандар мен әдістемелер.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулерменжәне өзгертулермен).Тақырып 7. Қаржылық жоспарлау.Мақсаты: Қаржылық жоспарлаудың түсінігі, объектілері, стадиялары.Қаржылық жоспарлаудың принциптері. Жоспарлық – қаржылық актілер жәнеолардың белгілері. Қаржылық жоспарлау - қаржы құқығы жүйесінің жалпыбөлімі.Әдебиеттер:ҚР бюджеттік жүйесі туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж. (келесі енгізулерменжәне өзгертулермен).Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 8. Қаржылық бақылау.Мақсаты: Қаржылық бақылаудың түсінігі мен элементтері (субъектілері,объектілері, пәні және мақсаты). Қаржы тәртібі және оны қамтамасыз етуқұралдары. Қаржы санкциялары және оның түрлері. Қаржылық бақылаудыңәдістемелері. Ревизия, оның түрлері және маңызы. Қаржылық бақылаудыңқұқықтық негізі - қаржы құқығы жүйесінің жалпы бөлімі. Қаржылықбақылаудың принциптері. Қаржылық бақылау қатынастары. Қаржылықбақылаудың классификациясы. Тікелей объектідегі және объектідегі емесбақылаулардың түрлері. Алдын ала, ағымдағы және келесі бақылау. Бақылауөкіметтерінің бөліну белгісіне сай және субъектілеріне байланысты жүзегеасырылатын бақылау түрлері. Сыртқы және ішкі бақылау. Қаржылықбақылаудың сферасы. Қаржылық бақылау органдары және олардыңкомпетенциясы.Әдебиеттер:ҚР Валюттік реттеу туралы заңы 24 желтоқсан 1996 ж.

Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).Тақырып 9. Бюджеттік құқықтың жүйесі және пәні.Мақсаты: Жалпымемлекеттік орталықтандырылған қаржының түсінігі.«Бюджет» терминінің мазмұны. Бюджеттік қызмет мемлекет қаржықызметінің бір түрі. Бюджеттік қызметтің әдістемелері.Бюджет құқығының пәні. Бюджеттік қатынастар және олардыңерекшеліктері. Бюджет құқығындағы қолданылатын құқықтық реттеуәдістемелері. Бюджет құқығының түсінігі.Қазіргі кездегі бюджет құқығы мен бюджет қызметін ары қарай жетілдіру.Әдебиеттер:Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан1995 ж.Тақырып 10. Бюджет құқығының жүйесі және түсінігі.Мақсаты: Бюджет құрылымының түсінігі. Бюджет құқығы жүйесініңтүсінігі және құрамы. Бюджеттің түрлері. Бюджеттік реттеу, түсінігі жәнемақсаты. Бюджеттік реттеудің әдістемелері.Бюджет жүйесін басқарудағы мемлекеттік органдардың компетенциясы.Мемлекеттің республикалық және жергілікті органдарының бюджеттіккомпетенциясы.Бюджеттік жоспарлауды құқықтық реттеу. Бюджеттік процедура, түсінігі,стадиялары, принциптері. Бюджеттік уақыт мерзімі және бюджеттік жыл.Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу.Әдебиеттер:Жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы заңы 10.12.1993 ж.ҚР Үкіметі туралы заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығы, 18 желтоқсан1995 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен).Тақырып 11. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарынқұқықтық реттеу.Мақсаты: Мемлекеттік бюджеттің кірістерін құқықтық реттеу. Мемлекеттікбюджеттің шығыстарын құқықтық реттеу. Бюджеттердің кірістерінің жүйесі.Мемлекеттік бюджет шығысын құқықтық реттеу. Бюджеттердіңшығыстарының жүйесі. Бюджеттік қаржыландырудың түсінігі. Смета, оныңқұрамы, құқықтық маңызы. Мемлекеттік қарызды құқықтық реттеу. Қызмет істеп тұрған мемлекеттікқарыздардың айналым шарттары. Мемлекеттік қарыз келісім-шарты - қаржы-құқықтық келісім-шарттың бір түрі, оның ерекшеліктері және оныңазаматтық-құқықтық келісім-шарттардан айырмашылығы.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанскаяправда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)

ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж. Тақырып 12. Салық құқығының жүйесі және оның пәні.Мақсаты: Салықтың түсінігі, алымдар мен төлемдердің түсінігі.Мемлекеттің салық қызметі – қаржы қызметінің бір түрі. Салық қызметінжүргізудегі әдістемелер.Салық құқығының түсінігі. Салық құқығының пәні. Салық қатынастары,олардың ерекшеліктері.Салық құқығының жүйесі.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанскаяправда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж. Тақырып 13. Салық құқығының жалпы бөлімі.Мақсаты: Салық жүйесінің түсінігі және құрамы.Салық қызметін басқару – салық құқығының институты. Салық қызметінжүргізетін мемлекеттік органдардың компетенциясы. Салық қызметін жүргізуді бақылауды құқықтық реттеу. ҚазақстанРеспубликасының салық қызметі және оның компетенциясы.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанскаяправда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж. Тақырып 14. Салық құқығының ерекше бөлімі.Мақсаты: Жалпы мемлекеттік салықты құқықтық реттеу.Жергілікті салықтар мен алымдарды құқықтық реттеу.Салық заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік.Әдебиеттер:ҚР "Бағалы қағаздардың нарығы туралы" заңы 05.03.1997ж. / Казахстанскаяправда, 11.03.97 ж. (келесі енгізулермен және өзгертулермен)ҚР "Мемлекеттік баж туралы" заңы 31.12.96 ж. Тақырып 15. Ақша қорларын құқықтық реттеу.Мақсаты: Бюджеттен тыс (арнайы) ақша қорларының түсінігі және түрлері.Бюджеттен тыс ақша қорларының ақша құралдарын жинаудағы, бөліп-таратудағы және бөлініп шыққан ақшаны дұрыс пайдалануды ұйымдастырунегізіндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, олардың компетенциясы.Бюджеттен тыс ақша қорларындағы ақшаны жинау, бөліп-тарату және бөлініпшыққан ақшаны дұрыс пайдалануды ұйымдастыру негізіндегі уәкілеттімемлекеттік органдарға жүктелетін тәртіп.Бюджеттен тыс ақша қорларының ақша құралдарын жинаудағы, бөліп-таратудағы және бөлініп шыққан ақшаны дұрыс пайдалануды ұйымдастырунегізіндегі бақылау қызметін құқықтық реттеу.

Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 16. Қаржы-банктік құқық жүйесі, пәні.Мақсаты: Банктік қызмет мемлекеттің қаржы қызметінің бір түрі.Мемлекеттік банктердің қаржылары туралы түсінік. Қаржы-банктікқызметтің әдістемелері.Қаржы-банктік құқықтың пәні, қаржы-банктік қатынастар, олардыңерекшеліктері. Қаржы-банктік құқықта қолданылатын құқықтық реттеу.Қаржы-банктік құқықтың жүйесі. Қаржы-банктік құқықтың құрылымыныңжалпы және ерекше бөлімдері.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 17. Қаржы-банктік құқықтың жалпы бөліміМақсаты: Банк құрылымының түсінігі. Мемлекеттік банктерінің ақшақорларының түрлері. Мемлекеттік банктің қаржы басқару қызметі – қаржы-банктік құқықтыңинституты. Банк қаржы басқаруын жүргізудегі мемлекеттік органдардыңкомпетенциясы. Қазақстанның ұлттық банкі.Банк қызметін жүргізудегі мемлекеттік реттеу және оның әдістері.Коммерциялық банктерді ашу тәртібі. Банк қызметін жүргізуді лицензиялау.Банк қызметін жүргізуді мемлекеттік бақылау; формалары (нысандары),түрлері және банктік бақылаудың әдістері.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 18. Қаржы-банктік құқықтың ерекше бөлімі.Мақсаты: Мемлекеттік банктердің ақша қорларын құрудағы құқықтықреттеуі. Банктердің несиелік ресурстарын құрудағы негіздері. Түсунегіздеріне байланысты банктік ресурстардың классификациясы. Банк есеп-шоттарының түрлері.Қолда жоқ ақшаны аударуды құқықтық реттеу. Қолда жоқ ақшамен аударудыжүргізудің формалары. Есеп-айырысу операцияларын жүргізу тәртібінбұзғандық үшін қолданылатын жауапкершілік.Мемлекеттік банктердің қорларынан шыққан шығынды жұмсаудағықұқықтық реттеу. Банктік несиелеудің принциптері. Банк ссудасы туралыкелісім-шарт, оның мазмұны және құқықтық табиғаты. Банк несиесініңтүрлері, несие режимінің түрлері.Сыртқы экономика қызметінде жүретін несиені құқықтық реттеу.Әдебиеттер:

Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 19. Қаржы-сақтандыру құқығының жүйесі және пәні.Мақсаты: Қаржы қызметінің бір түрі – сақтандыруды мемлекеттік реттеу.Мемлекеттік сақтандыруды ұйымдастыру. Мемлекеттік сақтандыруқаржысының түсінігі. Қаржы-сақтандыру қызметінің әдістемелері.Қаржы-сақтандыру құқығының пәні. Сақтандыру қатынастары және оныңерекшеліктері. Сақтандыру қатынастарының классификациясы. Қаржы-сақтандыру құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістемелері. Қаржы-сақтандыру құқығының түсінігі. Құқық жүйесіндегі қаржы-сақтандыруқұқығының орны.Қаржы-сақтандыру құқығының жүйесі. Жалпы және ерекше бөлімдердіңқұрылымы.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 20. Қаржы-сақтандыру құқығының жалпы бөлімі.Мақсаты: Мемлекеттік сақтандырудың қаржы жүйесі. Сақтандыруқорларының түрлері және олардың құқықтық режимі.Мемлекеттік сақтандыруды басқару. Мемлекеттік сақтандыруды басқарыпотырған уәкілетті органдардың компетенциясы және функциялары.Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу. Сақтау қызметін лицензиялау.Қаржы-сақтандыруын бақылауды құқықтық реттеу.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 21. Қаржы-сақтандыру құқығының ерекше бөлімі.Мақсаты: Сақтандыру қорларын құру тәртібін құқықтық реттеу. Сақтандыру резервтарының ақшаларын бөліп-қолдануын құқықтық реттеу. Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 22. Қаржы-шаруашылық құқығының жүйесі және пәні.Мақсаты: Министерстволардың, ведомстволардың, мемлекеттіккәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы қызметі –мемлекеттің қаржы қызметінің бір түрі. Орталықтандырылмаған қаржының

түсінігі. Қаржы-шаруашылық қызметтің әдістемелері.Қаржы-шаруашылық құқығының пәні. Қаржы-шаруашылық қатынастар жәнеолардың ерекшеліктері. Қаржы-шаруашылық қатынастардыңклассификациялары. Қаржы-шаруашылық құқығының түсінігі. Қаржы-шаруашылық құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістемелері.Қаржы-шаруашылық құқығының жүйесі. Жалпы және ерекше бөлімдердіңқұрылымы.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 23. Қаржы-шаруашылық құқығының жалпы бөлімі.Мақсаты: Қаржы-шаруашылық жүйесі. Орталықтандырылмағанмемлекеттік ақша қорларының түрлері және құқықтық режимі.Салалық қаржыларды басқару. Министерстволардың, ведомстволардың,мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржықызметін жүргізетін, орталықтандырылмаған қаржысын басқаратынмемлекеттік органдардың компетенциясы.Қаржы-шаруашылықты жоспарлаудың құқықтық негіздері. Қаржы-шаруашылықты басқарудың құқықтық негіздері.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Тақырып 24. Қаржы-шаруашылық құқығының ерекше бөлімі.Мақсаты: Мемлекеттік басқару органдарымен қаржыны құқықтық реттеу.Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен қаржынықұқықтық реттеу. Кәсіпорынға түсу негізі бойынша ақшаның (ақшақұралдарының) классификациясы. Пайданы бөлу тәртібі. Кәсіпорындардағыақша қорларының түрлері. Мемлекеттік мекемелердің қаржысын құқықтықреттеу.Әдебиеттер:Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Жалпы бөлім.-Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. Ерекшебөлім.- Алматы: Қаржы-Қаражат, 2005.